Павлодарлық спортшы Әлем кубогында күміс жеңді

Павлодарлық спортшы Әлем кубогында күміс жеңді
Фото: pvl_ski_team

Бұл додада 140-қа жуық спортшы бақ таластырған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жазғы шаңғы спорт түрінен павлодарлық 7 спортшы Щучинск қаласында өткен Әлем кубогында бақ сынады. Бұл додада 8 елден келген 14-қа жуық спортшы жарысты.

Жасөспірімдер арасында тартысқан спортшымыз Елизавета Толмачева итальяндық спортшыдан 4 секундқа кешігіп келіп жүлделі 2-ші орынға ие болды.

Тағы бір спортшымыз Сабина Сүлейменова үздік 10-қа кіріп, жарысты 7-ші орынмен аяқтады. Әйелдер тобында 20 км қашықтықта жарысқан Дарья Ряжко 5-орынға ие болды.

Ерлер арасында өткен жарыста Тумашев Юрий 14-ші орынға, Вадим Козлов 20-шы, Жұмабай Мейіржан 36-шы, Иван Мертынс 28-ші орынға ие болды.