Павлодарлық құтқарушылар қарт адамға көмекке келді

Павлодарлық құтқарушылар қарт адамға көмекке келді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жалғыз басты кейуана  пәтерінде құлап қалған, деп хабарлайды, @Pavlodarnews.kz  тілшісі.

Павлодар қаласында төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өз пәтерінде құлап қалып, өздігінен тұра алмаған қала тұрғынына көмек көрсетті.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар арнайы құралдың көмегімен кіреберіс есікті ашып, еденде жатқан қарт әйелді есін білетін күйде тапты. ТЖД қызметкерлері оны диванға жатқызып, көршілеріне тапсырды.

Павлодар облысының төтеншеліктері адамға шұғыл көмек қажет болса, дереу 112 нөміріне хабарласу керектігін ескертеді.