Жаңа айыппұл: павлодарлықтарға әйнектен қолын шығарып көлікті жүргізуге бола ма?

Бүгінгі күнге дейін Павлодар облысында мұндай заң бұзушылықтар анықталған жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде 13 наурызда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жол қозғалысы бөлігінде енгізілген өзгерістер туралы видеолар тарап жатыр.
Енді автокөлікте отырып жүргізушілерге де, жолаушыларға да басын, қолын немесе аяғын, сыртқа шығаруға болмайды. Бірақ жүргізушілерге көлік әйнегінен шынтақты шығаруға рұқсат етіледі ме деген сұраққа заң жауап бере алмайды.
Бұл туралы Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсіндіруге тырысты.
– Заңда жүргізуші немесе жолаушының көлік терезесінен қолын шығаруы туралы ештеңе айтылмайды, керісінше толық денесін көліктің терезесінен немесе люктен шығаруға болмайды, – деп мәлім етті департаменте.
ӘҚБтК-нің 593-бабының бірінші тармағының екінші бөлігі бойынша жолаушыларды көлік құралының салонынан тыс тасымалдауға, сонымен қатар көлік құралының терезе саңылаулары мен люктерінен сыртқа шығып кетуіне жол беруі немесе қозғалыс кезінде есіктерді ашуға тыйым салынады.