Павлодарлық өнерпаз Қырғызстанда топ жарды
Жарыс Бішкек қаласында өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
21-22 қазан күндері Молдобасанов атындағы ұлттық консерваторияда «Орталық Азия Романсиадасы» атты төртінші халықаралық орыс романсының жас орындаушылары арасындағы байқау өтті.
Беделді өнер додасына Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген жүзден астам жас талант қатысып, өз шеберліктерін көрсетті.
Байқау нәтижесінде Иса Байзақов атындағы облыстық филармониясының жас солисі Әлижан Қазбеков өнерімен көзге түсіп, бірінші орын иегері атанды.
Жас орындаушы осылайша өңіріміздің және еліміздің өнерін халықаралық деңгейде лайықты танытып, көрермен мен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.