Павлодарлық өрт сөндірушілер биыл 40-тан астам көліктегі өртті сөндірді
Өрттің негізгі себебі – көлік құралдарындағы сымдардың қысқа тұйықталуы, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылдың басынан бастап өңір аумағында көлік құралдарында 44 өрт болды. Көп жағдайда бұл жеңіл автомобильдер.
– Мысалы, Павлодар қаласында Лермонтов көшесінде Toyota Camry маркалы автокөлік өртенді. Қозғалтқыш бөлігінде қозғалтқыш жанып, алдыңғы фаралар, бампер еріді. Шақыруды алғаннан кейін өрт сөндірушілер дереу шығып, өртті тез сөндірді, осылайша аса ауыр зардаптарға жол бермеді, өйткені көлік құралдары бензинмен немесе газбен толтырылған, жарылыс болуы мүмкін, – деді ведомствода.
Облыстық ТЖД азаматтарға автокөлік құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ұсынады, атап айтқанда:
- әрбір көлік құралы көлемі кемінде 2 литр болатын жарамды өрт сөндіргішпен жабдықталуы тиіс. Бұл жағдайда өрт сөндіргіштің құрылғысын және оны қолдана білу керек;
- автокөліктің тораптары мен механизмдерін жарамды күйде ұстау қажет;
- аккумуляторларды тікелей көлік құралдарында қайта зарядтауға жол беруге болмайды;
- қозғалтқышты отпен үрлеу шамымен жылытуға болмайды.