Павлодарлықтардың «Жыл волонтері» атануға мүмкіндігі бар

Павлодарлықтардың «Жыл волонтері» атануға мүмкіндігі бар
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына конкурс жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы волонтерлік қозғалысты дамытуға және қолдауға, сондай-ақ әлеуметтік және қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге елеулі үлес қосқан отандық және халықаралық волонтерлер мен волонтерлік топтарды, волонтерлік ұйымдарды көтермелеуге және ынталандыруға бағытталған.

Құжаттарды қабылдау 2024 жылғы 25 шілде мен 5 қыркүйек аралығында «Qazvolunteer.kz» сайттында жүзеге асырылады.

Толық ақпаратты @madeniet_aqparat_ministrligi парақшасынан алуға болады.  

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын тағайындау қағидаларымен және қажетті құжаттар тізімімен «Qazvolunteer.kz» немесе www.adilet.kz сайттарынан танысуға мүмкіндік бар.

Қатысу ережелері мен құжаттарды тапсыру тәртібі туралы толық ақпаратты +7 (7172) 741286, 740311 байланыс нөмірлері немесе r.krasnoschekov@mki.gov.kz электрондық поштасы арқылы алуға болады.