Бақылаушының бір күні: «Павлодар-Водоканал» қызметкері туралы

Бақылаушының бір күні: «Павлодар-Водоканал» қызметкері туралы
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Марина Сабирова «Павлодар-Водоканал» ЖШС-де бақылаушы болып сегіз жылдан бері жұмыс істейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Сол уақыт ішінде ол үшін әр жұмыс күні – жауапкершілік пен тұрғындармен тікелей байланысқа толы. Маринаның негізгі міндеті – тұтынушыларға сапалы қызмет көрсету, үйлерді аралау және су есептегіш құралдарының дұрыс жұмыс істеуін бақылау.

Оның айтуынша, бұл мамандық оңай емес. Бақылаушылар кез келген ауа райында күніне оннан астам үйді аралайды.

– Мен өз жұмысымды шынымен жақсы көремін. Адамдармен бетпе-бет қарым-қатынасты ештеңе алмастыра алмайды. Тіпті, өзімізді кішкене психологпыз деп айтуға болады. Жалғызбасты қариялар бізді күтіп отырады. Қай уақытта келетінімізді де біледі. Олар да әңгіме-дүкен құрып, ішіндегісін ақтарғысы келеді, – дейді Марина Сабирова.

Қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мекеме қызметкерлері жұмыс күндерімен қатар, сенбі күндері де үйлерді аралайды. Соған қарамастан, Марина Сабирова өз жұмысын қызықты әрі маңызды деп есептейді.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жариялаған болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Павлодар Водоканал (@pavlodar_vodokanal)