Павлодарлықтар Қаныш Сәтбаевтың еңбектерімен танысты
Академиктің 125 жылдығына орай арнайы дәріс оқылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 мамыр күні кітапханада көрнекті ғалым-геолог, Қазақстан ғылымын ұйымдастырушы, тұңғыш академик, Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті, Қазақстанның геологиялық мектебі мен металлогениясының негізін салушы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Академик Каныш Сатпаев и историческая наука Казахстана» атты дәріс өтті.
Дәрісті Марғұлан университетінің оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Нұркен Күзембаев бейне көрсетілім арқылы оқыды.
Көрермендерге «Есімі ел есінде» атты кітап көрмесі ұсынылып, әдебиеттерге шолу жасалды.