Павлодарлықтар «Құлагер» ипподромына тегін бара алады

Акция Қала күні мерекесіне орай ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласы әкімдігінің хабарлауынша, 19 шілде күні №52 автобус бағытында және № 1, 6, 7, 10, 18 трамвай бағыттарында «Құлагер» ипподромына дейін барлық жолаушылар үшін тегін жол жүру ұйымдастырылады.
Айта кетейік, мерекеге орай «Құлагер» ипподромында таза қанды жылқылардың бәйгесі өтеді. Оған қоса, қазақша күрес, асық ату, садақ ату, футбол ойындары жоспарланған. Сонымен қатар ұлттық және қолөнер көрмесі ұйымдастырылады.