Павлодарлықтар үшін жаңа жылдық тарту: дүкендерге арзандатылған қияр мен қызанақ түсті
Қала дүкендеріне жылыжайлардан жаңа үзілген қияр мен қызанақ жеткізіле бастады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, арнайы бағамен сату жергілікті жылыжай кешендері мен әкімдік арасындағы меморандум аясында жүзеге асуда. Бүгінгі таңда тұтынушылар үшін қиярдың бір килограмы 980 теңгеден, ал қызанақтың бағасы 925 теңгеден бекітілді.
Әлеуметтік бағадағы өнімдерді келесі мекенжайлар арқылы табуға болады:
- Амангелді көшесі, 11 («Шығыс» дүкені);
- Астана көшесі, 7 («Ананас» павильоны);
- Айманов көшесі, 42 («На Химах» дүкені);
- Естай көшесі, 134 («Лира» дүкені);
- Қамзин көшесі, 10 («Троя» дүкені), 171 («Караван» сауда үйі, 161-бутик), 348 («Эрзимаркет» дүкені), 351 («Удача» дүкені);
- Қарағанды көшесі, 1 («Даниял» дүкені);
- Катаев көшесі, 73/1 («Фрутс» дүкені);
- Лебяжі көшесі, 95 («Болашақ» дүкені);
- Лермонтов көшесі, 84 («Лакомка» дүкені, «Жемістер-көкөністер» павильоны), 90 («А7» дүкені);
- Ломов көшесі, 60 («Дания» дүкені), 154 («Нұрай» дүкені);
- Майра көшесі, 27/2 («Продукты» дүкені);
- Олжабай батыр көшесі, 5 («Мир» дүкені);
- Назарбаев даңғылы, 89 («У Хасана», «Жемістер-көкөністер», «Манго» павильондары), 170 («Экономь» дүкені), 204 («Продукты», «Минимаркет», «Майя» дүкендері), 282/5 («Раушан» дүкені), 309/2 («Нұрым ата» дүкені);
- Павлов көшесі, 34 («Алатау» сауда үйі, 43-бутик), 85/2 («J-Market» дүкені);
- Сәтбаев көшесі, 32/2 («Овощная лавка» павильоны), 40 («Альтаир» дүкені);
- Торайғыров көшесі, 28/1 («Asia Mall», «Лайм» дүкендері), 36 («Океан» дүкені);
- Торговая көшесі, 2 («Жайлау» базары);
- Шөкин көшесі, 38 («Альтаир» дүкені);
- «Greenwich» супермаркеті (бұрынғы Затон базары).