Павлодардың жас отбасылары шығармашылық сайыста бақ сынасты

Павлодардың жас отбасылары шығармашылық сайыста бақ сынасты
Фото ұйымдастырушылардың рұқсатымен

«Jas otbasy» облыстық байқауына облыстың қалалары мен аудандарынан 14 отбасы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Кеңжекөл жастары» жастар қоғамдық бірлестігі баспасөз қызметінің мәліметінше, іс-шара Әкелер күні қарсаңында өтіп, 2 кезеңнен тұрды: «Визит карточкасы» және «Шығармашылық отбасы».

Әр отбасы «Отбасы» сөзіне үлкен мағына мен махаббат сыйлай отырып, қазылар алқасының мүшелері мен көрермендерді жылылықпен және талантымен қоршап алды. Отбасылар ән айтып, би билеп, өз шығармаларынан өлеңдер оқып, сахналық қойылымдар қойды, әр түрлі керек-жарақтармен және LED экранында композициялармен өз нөмірлерін орындады, – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Бас жүлдені және мұздатқыш ларды Аққулы өңірінен келген Мәуітхан отбасы жеңіп алды; Павлодар облысынан келген Егамбердиевтер отбасы 1-орынға және аралас плитаға ие болды; екінші орын мен шаңсорғыш Аққулы ауданынан келген Сержан отбасына; Екібастұз қаласынан келген Мұхамеджановтар отбасы мен Железин ауданынан келген Айтмұратовтар отбасына үшінші орын мен бумен жібіткіш бұйырды; қалған барлық қатысушы отбасыларға қатысқаны үшін сертификаттар мен ыдыс-аяқ жиынтығы табысталды.