Павлодарда саябақтар мен жатақхана аумағы қоқыстан тазартылды

Павлодарда саябақтар мен жатақхана аумағы қоқыстан тазартылды
Фото: Константин Шелков

Экологиялық шараға 100-ге жуық студент қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Марғұлан университетінің  студенттері қураған ағаштар мен шіріген шөп-жапырақтарды жинап, бітеліп қалған арықтарды аршыды. Жалпы, 2000 тоннаға жуық қоқыс жиналды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш бастама қаланың тазалығын сақтап, жастардың қоршаған ортаға  деген жауапкершілігін сезінуі керек. 

– Үш корпусымыздың екі корпусының аумағын жапырақтардан, шөптерден тазалаттық. Міне, бүгін қайтадан спорт кешенін тазартып жатырмыз. Бір автокөлік қоқыс шығарылды, - дейді университет қызметкері Бәкіжан Кәкім.

Айта кетейік, университет студенттері қаламыздың көркейіп гүлденуіне белсенді түрде өз үлестерін қосып, жалпы 2000 тоннаға жуық қоқыс жинады.