Сенбіде Павлодарда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Өнімдерді бес аудан тауар өндірушілері ұсынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің хабарлауынша, 8 ақпанда Торговая көшесі, 2А құрылысы (Космонавтов және Торговая көшелерінің қиылысы) кезекті ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
Жәрмеңкеге Ақтоғай, Железин, Павлодар, Шарбақты аудандары және облыс орталығының тауар өндірушілері қатысады.
Сиыр еті бір келісіне 1700-2300 теңге, жылқы еті 2300-2500 теңге, қой еті 1900-2100 теңге, шошқа еті 1800-2000 теңге, бал 2000-2500 теңге, картоп 110 теңге, сәбіз 80 теңге, бірінші категориялы жұмыртқа 490 теңге, бір литр шикі сүт 200 теңге секілді тиімді бағамен тауар сатып алуға болады.