Полицейлер павлодарлықтарды алыс жолға шығудан бас тартуға шақырды

Полицейлер павлодарлықтарды алыс жолға шығудан бас тартуға шақырды
Фото: Константин Шелков

Өңірдегі ауа райы тұрақсыз, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыс аумағында жаңбыр жауып, көктайғақ қалыптасты. Осыған орай тәртіп сақшылары автожолдарда төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері барлық жол учаскелерінде тәулік бойы жол және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде. 

– Полиция жүргізушілерді ауа райы өзгерістерін, SMS-хабарламаларды қадағалауға, жолдар жабылған жағдайда жолға шықпауға шақырады. Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаңыздар: жылдамдықты төмендетіп, арақашықтықты сақтаңыздар, күрт маневрлерден аулақ болыңыздар, жол белгілері мен бағдаршам сигналдарының талаптарын орындаңыздар, – дейді мамандар.

Полицейлер төтенше жағдайға тап болған жағдайда 112 бірыңғай құтқару қызметіне немесе 102 нөміріне хабарласуға болатынын ескертеді.