Премьер-Министрдің кеңесшісі Екібастұз ЖЭО жағдайын тексерді

Премьер-Министрдің кеңесшісі Екібастұз ЖЭО жағдайын тексерді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ермек Маржықпаев кеншілер қаласына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Сапар аясында ол жылыту маусымына дайындық барысымен танысып, жылумен жабдықтау желілерінің (2 ЖМ, 7 ЖМ) және Екібастұз ЖЭО-ның жағдайын тексерді.

Биыл Екібастұз ЖЭО-да негізгі жабдықтың бесеуіне жөндеу жұмыстары жоспарланған: №5 қазандыққа күрделі жөндеу, №8 және №13 қазандықтарға, №1 турбинаға кеңейтілген ағымдағы жөндеу, сондай-ақ №14 қазандыққа ағымдағы жөндеу жүргізіледі. 

Қазіргі уақытта үшеуі жөндеуде, ал №1 турбина мен №14 қазандықтың жөндеу мерзімі әлі басталмаған, – дейді облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасында.

2024 жылдың маусым айынан бастап Екібастұз ЖЭО-ны «Самұрық-Энерго» АҚ сенімгерлік басқаруға алды. Жүргізілген оңтайландыру мен жөндеу жұмыстарының нәтижесінде 2024–2025 жылғы жылыту маусымы сәтті өтті: мазутты тұтыну көлемі 3,5 есе төмендеп, жабдықтардың тозу көрсеткіші азайды, ал технологиялық бұзушылықтар саны 90%-ға қысқарды.

Қазіргі уақытта келесі жылыту маусымына дайындық жұмыстары басталды, оның аясында 11 жөндеу және жаңарту шаралары жоспарланған.

Сондай-ақ Павлодар қаласының энергетикалық нысандары тексерілді. Тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін аралау кезінде «Қазақстан алюминийі» АҚ ЖЭО-да жылыту маусымына дайындық шеңберінде көзделген жөндеу жұмыстарының барысымен, сондай-ақ, №5 ПНС сорғы станциясын салу бойынша жобаны іске асыру барысымен танысты (жобаның құны  - 1,3 млрд теңге).

Жөндеу компаниясы шеңберінде ағымдағы жылы «Қазақстан алюминийі» АҚ ЖЭО-да негізгі жабдықтың алтауы жөндеу жоспарланған (№1,3 қазандықтарды, №6 турбинаны, № 2 түтін құбырын күрделі жөндеу, №4 қазандықты кеңейтілген ағымды жөндеу және №5 қазандықты ағымды жөндеу). Бүгінгі таңда екеуі жөндеуде, төртеуін жөндеу мерзімі әлі болмады.

Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі сапар барысында «Павлодар» АЭА қызметімен танысып, «УПНК-ПВ» ЖШС және «Еуразиялық механикалық зауыт» ЖШС екі кәсіпорнын аралады.