«Robotek Grand Tournament» республикалық турнирінде Павлодар намысын қорғайтын үздіктер анықталды

«Robotek Grand Tournament» республикалық турнирінде Павлодар намысын қорғайтын үздіктер анықталды

Роботтар сайысына 72 команда қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz  тілшісі.

Павлодар облысы білім басқармасының мәлімдеуінше, «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Robotek Grand Tournament» республикалық турнирінің облыстық кезеңі өтті.

- Турнирге 72 команда құрамында 142 оқушы қатысты. Турнир 7 бағыт бойынша өтті. Яғни, робо-сумо, эстафета, сызық бойынша жарыс, кегельринг-квадро, биатлон кіші санат, биатлон аға санат және лабиринт, - делінген хабарламада.

Турнир қорытындысында 36 команда құрамында 70 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанып, облыстық білім беру басқармасының дипломдарымен марапатталды. Мұнда І дәрежелі дипломмен 7 команда, ІІ дәрежелі дипломмен 11 команда дәне ІІІ дәрежелі дипломмен 18 команда марапатталды.

Мұнда 1-орынды «Робо-сумо» санаты бойынша Баянауыл ауданы Ш.Шөкин атындағы №2 ЖОББМ комнадасы Томирис Хамзаева, Муслим Амантай иеленді. «Эстафета» санатында Баянауыл ауданы М.Жүсіп атындағы ЖОББМ оқушылары Баян Қасиет пен Қазбек Қазтаев үздік атанса, «Сызық бойынша жарыста»  Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналғана облыстық қазақ гимназия-интернатының командасы Марьям Темербек пен Диана Файзолла алға шықты. Ал «Кегельринг-квадро» бойынша Ертіс ауданы Абай ататындағы ЖОББМ Әлібек Қошман, Қамбар Мақұлбек, «Биатлон кіші санатында» Баянауыл ауданы М.Жүсіп атындағы ЖОББМ Исабек Нұралы, Серік Нұрғанат, «Биатлон аға санатында» Успен ауданы М.Әуезов атындағы ЖОББМ Денис Коцеруба , Сергей Осипов  және «Лабиринтте» Павлодар қаласы № 25 ЖОББМ Абылай Мукин мен Дидар Орынғазы топ бастады.

Облыстық турнирдің жеңімпаздары 4-5 мамыр күндері Астана қаласында өтетін "Robotek Grand Tournament" турнирінің республикалық кезеңіне қатысады.