Сәрсенбі күні Павлодар облысында жел күшейеді

Сәрсенбі күні Павлодар  облысында жел күшейеді
Фото: Константин Шелков

«Қазгидромет» РМК 21 ақпанған арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді. 

Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші секундына 9-14, күндіз екпіні 15-20  метрге дейін жетеді. 

Ауа температурасы түнде 6-8,  күндіз 0 градус шамасында болады.                                         

Қала бойынша ауаның ластану деңгейі төмен болады деп күтілуде.

Атлантикалық циклон жырасының және онымен байланысты атмосфералық ағындардың әсерінен ҚР басым бөлігінде күн құбылмалы болады – қар мен жаңбыр жауады.

Қазақстан бойынша көктайғақ, тұман болып, жел күшейеді, елдің солтүстігінде жаяу бұрқасын болады.