Сайлау күні Павлодар облысының барлық қалаларында жол жүру тегін болады

Сайлау күні Павлодар облысының барлық қалаларында жол жүру тегін болады

Сайлаушылар қоғамдық көліктің барлық түрімен тегін қатынай алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласы №1 автобус паркінің мәлімдеуінше, 19 наурызда ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауына байланысты Павлодарда трамвайлар, автобустар мен шағын автобустарда жол жүру тегін болады.

Сонымен қатар, Ақсу мен Екібастұз қаласының тұрғындары да жол ақысын төлемей сайлау учаскелеріне жете алады.

Бұл туралы қалалық әкімдіктерде мәлімдеді.