Павлодар облысы ең төмен шоколад бағасы бойынша топ-3 өңірге кірді

Павлодар облысы ең төмен шоколад бағасы бойынша топ-3 өңірге кірді
Фото:pixabay.com

Шоколад бағасының жылдық өсімі ҚР-ның 20 өңірінің 19-да байқалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Energyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, бағаның ең жоғары өсімі Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелді: тиісінше 22% және 20,3%. Бағаның айтарлықтай өсімі Астана мен Маңғыстау облысында да байқалды. 

– Шоколад ең аз Шығыс Қазақстан 2,4% және Павлодар 5,9% облыстарында қымбаттады. Ал Түркістан облысында 0,2% бағаның төмендеуі байқалды,– деді сарапшылар. 

2023 жылдың қаңтар – желтоқсанында қазақстандық кондитерлер 106,9 мың тонна шоколад және шоколад пен қанттан жасалған кондитерлік өнім өндірді. Жалпы орташа алғанда Қазақстан бойынша бір жылда шоколадтың бағасы 9%-ға  қымбаттады.