Шахматшылар Павлодарда 1,5 миллион теңгені бөлісті

Турнирге қатысушылардың барлығы Ю. Никитин мемориалының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Турнир он алтыншы рет өткізіліп, 90 қатысушының басын қосты. Апта бойы шахматшылар үздік атағын сарапқа салды. Қатысушылар үш санатқа бөлінді.
Ең мықтылар жиналған «А» санатында, болжамдарға сәйкес ресейлік халықаралық гроссмейстер Сергей Волков жеңіске жетті. Тағы бір шебер беларусь Алексей Федоровты басып озған өзбек гроссмейстері Алексей Барсовтың екінші орын алуы тосын сый болды.
- Павлодарға келу әрқашан жақсы. Сізде шахматты дамыту деңгейі өте жақсы. Турнир жақсы өтті деп ойлаймын. Осындай күшті компанияда жеңіске жету жақсы болды, - деп мойындады жеңімпаз Сергей Волков.
«В» санатында жерлесіміз Владимир Гребенщиков жеңіске жетті. Ол да қарсыластарының жоғары деңгейін де атап өтті. Павлодар тумасы жеңіске жету үшін көп тер төкті.
– Дебюттік бөлімде жастар мені таң қалдырды, кітапқұмарлардың партияларға түсіп қалмас үшін бас қатыруға тура келді. Жастар оңынан танылды, барлығына қиын болды. Мойындаймын, бірнеше ойында жеңілудің алдында тұрдым, бірақ әйтеуір жеңілмеуге тырыстым. Нәтижеге өте қуаныштымын, - деді Владимир Гребенщиков.
«С» санатында тағы бір павлодарлық Талғат Бланкин жеңіске жетті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдар мен ақшалай сыйлықтарға ие болды. Турнирдің жалпы жүлде қоры 1,5 миллион теңгені құрады. Әр номинация жеңімпаздарына 250 мың теңге, екінші орынға 200 мың теңге, үшінші орынға 100 мың теңгеден табысталды.
Юрий Никитин – шахматшы, халықаралық дәрежедегі шебер, КСРО спорт шебері, КСРО чемпионаттарына қатысушы, Қазақ КСР-нің үш дүркін чемпионы.