Шалдай ауылына алма ағашы отырғызылды
Ол «Парктер шеруі–2026» халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында жүзеге асты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Ертіс» орманы табиғи резерватының мәлімдеуінше, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Шалдай ауылына алма ағаштары отырғызылды.
– Мұнда 600-ден астам көшет егілді. Акцияға 100-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында орман табиғи резерватының қызметкерлері, шекара заставасының әскери қызметшілері, психоневрологиялық орталықтың мамандары мен қызмет алушылары, сондай-ақ әкімдік қызметкерлері бар, - делінген хабарламада.
Ұйымдастурышылардың айтуынша, іс-шараның мақсаты — аумақты көгалдандыру, табиғи байлықты сақтау және көбейту, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттау, сондай-ақ қоғамды ортақ пайдалы іске жұмылдыру.