Шарбақты ауданындағы орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасуда
«Ертіс орманы» аумағындағы өрттің ауданы шамамен 850 га құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өртті сөндіруге жеке құрамнан 329 адам, 101 бірлік техника жұмылдырылды. ТЖМ 161 адам, Астана қаласы, Қарағанды және ШҚО ТЖД мамандар мен 2 борт яғни МИ-8 және ТЖМ Еврокоптер бар.
- Қосымша сағат 5:13-те Семей қаласынан Қорғаныс Министрлігінің Ми-17, Ми-171 ұшақтары келді. Сағат 7:30-да ТЖ Министрі және облыс әкімі орманшылықтар аумағын әуеден тексеріп өтті. Өрттің белсенді фазасы Бауыртал орманшылығының 98 кварталында, онда өрт кей жерлерде төменнен жоғарыға ауысып тұр, - делінген хабарламада.
Жұмылдырылған ресурстармен өртті қайта болдырмау мақсатында өрттің шоқтарын сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Елді мекендерге төніп тұрған қауіп жоқ.