Шарбақты ауданында қылмыс азайды

Шарбақты ауданында қылмыс азайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Шарбақты ауданында полиция қызметкерлері 2023 жылғы тоғыз айдың қорытындысын шығарды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аудан аумағында жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде кісі өлтіруге, тонауға, бопсалауға, қалта ұрлығына, ұрлыққа, бұзақылыққа, зорлауға, жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстарға жол берілмеді.  

– Қоғамдық орындарда және мас күйінде жасалған қылмыстар саны 20%-ға азайды. Көшеде жасалған және кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстарға жол берілмеді, – деді Шарбақты ауданы полиция бөлімінің бастығы Нұрғали Омарбеков.

Кеңес барысында полиция департаменті бастығының орынбасары Сағындық Аяғанов жедел қызметтік қызметтің қорытындылары туралы есеп берді.  Алдағы кезеңге бөлім қызметтері басшыларының алдына бірқатар міндеттер қойды. Сондай-ақ халықпен профилактикалық жұмыстың, қоғамдық орындарда және көшелерде тәртіптің сақталуын тұрақты бақылаудың маңыздылығын атап өтті.