Шайханадағы өрт: Ақсуда 17 адам эвакуацияланды (ВИДЕО)

Шайханадағы өрт: Ақсуда 17 адам эвакуацияланды (ВИДЕО)

Жалпы ауданы 10 шаршы метр аумақ жанған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ақсу қаласы өрт сөндіру бөлімінің мәліметінше, 13 наурызда сағат 07.01-де № 10 өрт сөндіру бөлімі байланыс пунктіне Мәншүк Мәметова көшесі, 2 мекенжайында түтін шығып жатқандығы туралы хабарлама түскен.

– Оқиға орнына келгеннен кейін  аталған мекенжайда орналасқан бес қабатты үйде орналасқан «Визит» дәмханасында 10 шаршы метр аумақта ағаш жиһаз, тартылған төбе және тоңазытқыш  жанғаны анықталды, – деді  бөлімде.

Тілсіз жауды ауыздықтауға сағат  07.05-те сөндіруге  газ-түтіннен қорғау қызметі жұмылдырылды. Баспалдақ арқылы бірінші кіреберістен өрт сөндірушілердің сүйемелдеуімен 17 адам эвакуацияланды. Оның ішінде төртеуі – бала. 

Шақыру орнына 102, 103, қалалық электр желісі қызметтері жіберілді. Үш бірлік техника және жеке құрамнан 10 адам жұмыс істеді. 

Өрт сағат 07.40-та толық сөндірілді. Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.   

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @ochs_aksu_pavl