Павлодарда тұрғын үй 10 сағатқа судан ажыратылады
Судан ажырату ертең яғни 11 шілде күні болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы "Павлодар-Водоканал" ЖШС мәлімдеді.
- 11 шілдеде сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін Ак.Бектұров көшесі, 27/1 мекен-жайында су болмайды. Оған себеп М.Жүсіп көшесі, 10 үйге жаңа су құбыры қосылады. Уақытша судан жаырату туралы «ASKADI» ЖШС-нің өтініші білдірді, - делінген хабарламада.
Серіктестік, тұрғындардан алдын ала су толтырып алуды әрі уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.