«Соғыс – бұл флешмоб емес»: Павлодар облысында халықаралық жоба бастау алды

Екі елдің оқушылары соғыс жылдарында ержүрек батырлардың көрсеткен ерліктерін жадында сақтау мақсатында бірігеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Достық үйінде» финн-угор этномәдени орталығының ұйымдастыруымен «Батырлармен ел бір сапта» атты халықаралық жоба іске қосылды. Әскери патриоттық тәрбие қауымдастығы және ұлттық жаңғыру мектебінің финн-угор бөлімі, сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы жобаға қолдау білдіреді.
Жыл бойы сарапшылар мектеп оқушыларымен Ұлы Отан соғысының қатысушылары, концлагерь тұтқындары, тыл батырларының қосқан үлесі және қазіргі заманның батырлары – өрт сөндірушілер, жедел жәрдем, полиция қызметкерлері жайлы сөз қозғайды.
– Ассамблея мүшелері ретіндегі ең басты міндетіміз – жерлес батырлардың ұмытылмас ерлігін жастарымызға айтып, оны мәңгі есте сақтау үшін барлығын жасау. Оларға соғыс – флэшмоб емес екенін жеткізу маңызды. Соғыс ойын немесе тек бір сағатқа созылатын кино емес 40, бұл өте қорқынышты, – деді финн-угор этномәдени орталығының төрағасы, жобаның ұйымдастырушысы Ольга Николашина.
Оның айтуынша, бүгінгі қоғам үшін патриоттық тәрбие, жастарды адамгершілікке тәрбиелеу мәселесі – ауыр тақырыптардың бірі. Осындай бастамамен «Қоғамдық келісімнің» алаңы жастарға арналған соғыстың сұрапыл жылдарын баяндайтын шағын әдістемелік орталыққа айналады.
Жоба халықаралық мәртебеге ие, өйткені Әлия Молдағұлова есімін онлайн форматта алып жүретін Мәскеу мектебінен мектептер қосылады.
Жобаның алғашқы батыры ретінде батылдығымен Қазақстанда ғана емес, басқа елдердің ұрпақтарында есінде жүрген Иван Кривенко таңдалды. Атап өтетін жайт, Кривенконың есімі берілген көшеде «Достық үйінің» ғимараты орналасқан. Облыстық әскери патриоттық тәрбие қауымдастығының төрағасы, отставкадағы полковник Олег Николашиннің сөзінше, жоба арқылы Ұлы Отан соғысының барлық павлодарлық қатысушыларына құрмет көрсетіледі.
– Мен үшін аңызға айналған батыр туралы айту – үлкен құрмет. Иван Иларионовичты жеке білмесем де ол оқыған Павлодар қаласының 16 мектебінде және оның немересімен тұрған үйде тұрдым,– деп атап өтті Олег Николашин.
Жоба ұйымдастырушының сөзінше, жобаға Мәскеу қаласы, Қостанай, Атырау, Алматы облыстарының мектеп оқушылары шақырылды.
– Біз телекөпір құрып, осы мектептердің балаларымен араласып, тәжірибе бөлісе аламыз. Осылайша екі елдің балалары біздің ержүрек ұлдарымыздың көрсеткен ерліктерін жадында сақтау мақсатында бірігеді, – деді Ольга Николашина.
Жыл соңына дейін батырлардың мерейтойына орай патриоттық тәрибеге негізделген кездесулер өтеді. Сарапшылар ретінде «Жеңімпаздар Павлодар облысы» және «Боздақтар» жұмыстарының авторы Халел Әкімханов, соғыс туралы көптеген кітаптардың авторлары Вера Болтина, Людмила Шевелёва таңдалды. Олар бүкіл өмірін Павлодар облысынан шыққан батырлар туралы материалдар жинауға арнады.