Баянауылда паралимпиадалық спорт түрлері бойынша спартакиада өтті

Баянауылда паралимпиадалық спорт түрлері бойынша спартакиада өтті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жарыс жеті спорттық бағыт бойынша ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Тамыз айының 11-14 аралығында Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде паралимпиадалық және паралимпиадалық емес спорт түрлері бойынша облыстық жиырма алтыншы спартакиада өтті.

Жарысқа Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларынан және аудандардан келген спортшылар қатысты.

– Павлодар құрама командасы өзге топтардан озып, бірінші командалық орынға ие болды, – деп мәлімдеді мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубы басшысының орынбасары Светлана Максимова.

Спартакиада жеті бағыт бойынша өтті. Атап айтқанда, көру қабілеті бұзылған спортшылар арасында дойбы, шахмат және тоғызқұмалақ ойындарынан сайыстар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, көру және тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар жеңіл атлетика, пулеметтік ату, үстел теннисі, отырып ойнайтын волейбол және тоғызқұмалақ спорт түрлерінен бақтарын сынады. 

– Жеңімпаздарға облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының атынан грамоталар мен медальдар табысталды, – деді клуб басшысы.

Спорт, достық және жеңіс – осындай ұранмен аймақтың спорттық өмірінде жарқын із қалдырған спартакиада өтті.

Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті және облыстық спорт басқармасы