Түркияда тағы да жер сілкінді

Түркияда тағы да жер сілкінді
Сурет: Anadolu Agency

Түркияның Кайсери қаласының Хаджилар ауданында магнитудасы 4,8 балл жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жер асты дүмпуі шамамен 7 шақырым тереңдікте болған.

Түркия Апаттар және Төтенше жағдайларды басқару басқармасының (AFAD) хабарлауынша, 4,8 магнитудалық жер сілкінісі тіркелді, эпицентрі Кайсеридің Хачилар ауданында болды.

Кайсери губернаторының орынбасары Шенол Эсмер алдын ала мәлімет бойынша, жойқын зардаптардың болмағанын айтты. Құтқару бөлімшелері жердегі бақылау жұмысын жалғастырып жатыр.

Оның сөзін астаналық Кайсери муниципалитетінің мэрі Мемдух Буюккилич де растады.

Кейінгі мәліметтер бойынша, Түркиядағы жер сілкінісінен 46 104 адам қаза тапты. Сонымен бірге БҰҰ мәліметі бойынша, Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі салдарынан 850 мың бала үйін тастап кетуге мәжбүр болған.