Павлодарда қазақ тілін үйрету курсы өз жұмысын бастайды
Тіл курсы 3 айға ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мәлімдеді.
- Облыс орталығында тіл курсы жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Бұған түрлі санаттағы азаматтар қатыса алады. Үш айлық курстар тұрғындар үшін қолайлы уақытта онлайн және офлайн режимде өтеді, - делінген хабарламада.
Бөлімнің мәлімдеуінше, 2022 жылы қазақ тілін оқуға ниет білдірушілердің көптігіне байланысты курстар екі рет яғни ақпан-сәуір айлары мен қазан-желтоқсан айлары аралығында ұйымдастырылған.
Жалпы өткен жылы тегін курстарда 355 адам оқудан өткен.
Курсқа 65-23-63 телефоны немесе 87015269321 ватсап нөмірі бойынша жазылуға болады.