Павлодарлық аналар жаңа туған сәбилерге сыйлық үлестірді
Бүгін Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы ҚХА «Аналар кеңесінің» төрағасы Бақытжамал Максиловамен Павлодар ауданы «Аналар кеңесінің» төрағасы Баян Тоқсанбаева №1 қалалық перзентханаға барды. Олар өмірге сәби алып келіп, демографияға үлес қосқан 12 жас ананы құттықтап, бастарына ақ орамал жапты.
Жаңа туған нәрестелерге сыйлықтар ала барған «Ел анасы» әйелдерге мықты денсаулық пен бақыт тіледі.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды халық санының 20 миллионға жетуімен құттықтады. Ел Президенті мемлекет отбасылық құндылықтарды нығайту, ана мен баланы қорғау жөніндегі жұмысты жалғастыратынын атап өтті.