«Таза Қазақстан»: Павлодарда заңсыз қоқыс төккен тұрғын жазаланды

«Таза Қазақстан»: Павлодарда заңсыз қоқыс төккен тұрғын жазаланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Павлодарлық полицейлер арнайы рейд барысында бұзушылықтың жолын кесті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қаланың Солтүстік өнеркәсіптік аймағында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында полицейлер Газель автокөлігімен шөп қалдықтары мен алма ағашының бұтақтарын түсіріп, рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісінің пайда болуына жол берген павлодарлықты анықтады.

– Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері қажетті материалдарды жинақтап, процессуалдық шешім қабылдау үшін облыстық экология департаментіне жолдады, – деді Павлодар облысы полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Азамат Күркебаев.

Тәртіп сақшылары құрылыс және өзге де қалдықтарды тек оларды жинауға, әкетуге және кәдеге жаратуға арналған арнайы белгіленген орындарға орналастыру қажет екенін еске салады. Қалдықтарды рұқсат етілмеген жерлерге жинақтау қоршаған ортаға зиян келтіреді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесуге бағытталған профилактикалық рейдтер мен іс-шаралар жалғасуда.