Тереңкөл ауданында түн ішінде қатты музыка тыңдаған мас жүргізуші қамауға алынды
Ер адам түнгі сағат 01:00-де музыка тыңдаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары рейд барысында аудандағы ауылдардың бірінде «ВАЗ-2115» көлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде қызметкерлер алкогольдің өткір иісін байқаған. Жүргізуші аудандық ауруханаға жеткізіліп, медициналық тексеру оның алкогольге мас күйде болғанын растады.
– Құқық бұзушы жеті жылға лицензиясынан айырылып, 15 тәулікке қамауға алынды. Ауыл тұрғынына қатысты 437-бап бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, 608-баптың 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал аудандық сотқа жолданды, – деді Тереңкөл аудандық жергілікті полиция қызметінің басшысы Берік Қаткенов.
Айта кетерлігі, бүгінге дейін павлодарлық полиция қызметкерлері 833 мас жүргізушіні ұстап, жауапкершілікке тартқан.
Әсия Серікова