TikTok-та танымал павлодарлық «Сары бала»: Түрім өзге болғанмен, ұлтым – қазақ
Ол әлеуметтік желіде құран оқып танылған, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz тілшісі.
Төлеген Булкин TikTok желісінде «Сары бала» атымен танымал. Әлеуметтік желіде тікелей эфирде Құран оқып, желі қолданушыларын таңғалдырған. Бүгінде оның аталған әлеуметтік желісінде 30 мыңға жуық жазылушысы бар.
Төлегенге эфир барысында қойылатын сұрақтың көбі – «Ұлтың кім?». Бұл сұрақтарға жауап беруге шаршаған жас блогер тікелей эфирлердің астына «Ұлтым қазақ» деп жазып қоятын болған.
– Түрім өзге болғанмен, ұлтым – қазақ. Ал тегіме келетін болсақ, бұл анамның тегі. Осы сұрақты әлеуметтік желіде, өмірде де жиі қояды. Сондықтан тікелей эфир барысында астына ұлтым қазақ екенін жазып қоямын, – дейді Төлеген Булкин.
Жас блогер Павлодар қаласындағы Торайғыров университетінде «Филология» факультетінің 3-курсына көшкен. Айта кету керек, Төлегеннің ақындық өнері де бар.
Ол Павлодарға келе салысымен дін жолына бет бұрғанын атап өтті. Осы уақыт аралығында құранның тілін меңгеріп, сүрелерін жаттай бастаған.
– Павлодар қаласына келген кезде, бірден медресеге түстім. Ол жерде намаз және Құран оқуды үйрендім. Кейін Рамазан айында имам қызметін атқарып жүрдім. Уақыт өте келе TikTok желісінде таныла бастадым, – дейді Төлеген Булкин.
Бүгінде Төлеген өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларында діни тақырыптардан бөлек, әлеуметтік маңызы бар тақырыптарды қозғап, өз ойымен бөлісуді бастаған.
Айта кету керек, жас блогер «Филология» мамандығын кішкентайынан тіл пәндеріне жақын болғандықтан таңдағанын айтадыы. Болашақта дін мен тіл саласын бірге алып жүруді қалайды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram