Тимур Сүлейменов Ұлттық банк төрағасы болып тағайындалды

Тимур Сүлейменов Ұлттық банк төрағасы болып тағайындалды
Фото: ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі

Бұрын ол  ҚР Президентінің әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары лауазымында болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Парламент Сенатының жалпы отырысында Тимур Сүлейменовтың Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы болып тағайындалуына келісім берді. 

«Палата отырысында Мемлекет басшысының ұсынуын Президент Әкімшілігінің басшысы Олжас Бектенов оқып берді.Конституцияға сәйкес ел Президентінің Ұлттық Банк Төрағасын тағайындауына келісім беру Сенаттың ерекше қарауына жатады.»,– делінген ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметінде.

Павлодар облысының тумасы Тимур Сүлейменов 5 сәуір күні 1978 жылы туылған. Ол С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «әлеуметтік саладағы экономика және менеджмент» мамандығы және «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Мэриленд университетін (АҚШ) тәмәмдап, іскерлік әкімшілендіру магистрі атанды, «қаржы» мамандығы бойынша бизнес магистрі, Ұлыбританиядағы алқабилік бухгалтерлер және аудиторлар қауымдастығының сертификатының иегері.

Жұмыс тәжірибесі:

2009-2012 жылдары – Дүниежүзілік банктің Қазақстан бойынша Басқарушысының орынбасары және Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстан бойынша Басқарушысының орынбасары, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі.

2012 жылғы ақпан мен 2016 жылғы желтоқсан аралығында – Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқасының мүшесі (Министр).

2016 жылғы желтоқсан мен 2019 жылғы 1 наурыз аралығында – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі.

2019 жылғы 1 наурыз бен 2019 жылғы 22 наурыз аралығында – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары.

2019 жылғы 22 наурыздан бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

2019 жылғы 22 шілдеден бастап – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары.

2022 жылғы 13 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалған болатын.