Торсық, қымыз ыдысы: Павлодарда үңгірлердегі суреттерден фигуралар жасалды

Торсық, қымыз ыдысы: Павлодарда үңгірлердегі суреттерден фигуралар жасалды
Фото: қалалық білім беру бөлімі ұсынды

«Ертіс» облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Тәуелсіздік күніне арналған жас суретшілер көрмесі ашылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Тәуелсіз елім мақтанышым» көрмесінің мақсаты – патриоттық тәрбие беру, елдің тарихын, дәстүрін, мәдениетін зерттеу және білу. Көрменің салтанатты ашылуына жергілікті суретшілер қатысты. Балалар көркемсурет мектебінің оқушылары көрмеге 34 шығармашылық жұмысын ұсынды, оның ішінде 25-і – акрилмен кенепте орындалған өткен жылдардағы түлектердің дипломдық жұмыстары. 

– 12-15 жас аралығындағы оқушылардың сәндік-қолданбалы өнерінің бірнеше жұмыстары көрсетілді. Жұртшылық назарына Қазақстан аумағында табылған ежелгі үңгір суреттер мен петроглифтерге ұқсайтын аралас техникада жасалған көлемді стильдендірілген фигуралар ұсынылды, – деді дейді мектеп басшысының орынбасары Инна Масленникова.

Виталина Мальцеваның «Қолөнер дәстүрлері», Аяулым Төлеубаеваның «Ақын шабыттанады», София Цысьтың «Торайғыр көліндегі кеш», «Менің Астанам», Ирадат Майданның «Қамажай ару», Дильназ Оразалинованың «Қыз Жібек», Дана Құспекованың «Ер-тоқыммен натюрморт» жұмыстарында дәстүр, Қазақстанның табиғаты, адамдардың бейнелері көрсетілген.

– Өскелең ұрпақ – елдің болашақ азаматтары екенін білуі керек. Өйткені, рухани бай адам ғана өз халқының мәдени мұрасын бағалап, көбейтіп, бейбітшілікті сақтай алады, – дейді мектеп басшысының орынбасары Гүлнар Мұхаметкалина.

Көрмеде 13 жастағы Анель Даированың «Торсық», 14 жастағы Диляра Раисованың «Қымыз ыдысы» ұлттық стильде шыны ыдыстарды, сымдарды, арқандарды қолдана отырып, жасалған жұмыстарын көруге болады.