Павлодарлықтарға көршілерінің жанжалы туралы полицияға хабарлау ұсынылды

Павлодарлықтарға көршілерінің жанжалы туралы полицияға хабарлау ұсынылды
Фото: жасанды интеллект

Бұл ауыр қылмысты алдын алу үшін маңызды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Биылдан бастап өңірде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жұмыс анықтаушы сипатқа көшті. Облыстық полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасы тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес бөлімінің аға инспекторы Индира Жүсіпованың айтуынша, әйелдер кейде арыздарын кері қайтарып алады. Мұндай жағдайда құзырлы органдар көршілерді, таныстар мен куәгерлерді сұрастыру жұмыстарын жүргізеді.

– Біз олармен сөйлесу арқылы жағдайдың болғанын немесе болмағанын анықтаймыз. Егер оларда бейнежазбалар немесе басқа дәлелдер бар болса, әкімшілік іс қозғай аламыз. Ал егер дәлел жоқ болса және арызданушы арызын қайтарып алса, құқық қорғау органдары құқық бұзушына профилактикалық есепке қойып, отбасы бақылауда болуын қамтамасыз етеміз, – деді Индира Жүсіпова.

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған азаматтар сенім телефоны арқылы немесе «102» нөміріне хабарласа алады. Сондай-ақ олар солтүстік промзона көшесі, 258 мекенжайында орналасқан отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы бөлімге жеке қабылдауға да келе алады. 

Мамандар атап өткендей, көршілердің хабарлауы кейде ауыр қылмыстың алдын алу үшін шешуші рөл атқарады. Сондықтан қауымдық бақылау мен бір-біріне көмек көрсету маңызды.