ТЖД бастығы Майқайың кенішінде жоғалған құтқарушылардың туыстарымен кездесті
Оларға қайғылы жағдайдан бері жүргізілген барлық жұмыстар көрсетілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, генерал-майор Жасұлан Жұмашев «Майқайың-алтын» АҚ аумағында топырақ құлауы салдарынан зардап шеккендердің туыстарымен кездесу өткізіп, жүргізілген жұмыстарды көрсетті.
Олар: ТЖМ кинологиялық есептеулерінің барлауы, металл іздегіші бар құтқарушылар, ЛОЗА геосканері бар «Алтыналмаз» ЖШС мамандары, QAZAQ GEOPHYSICS компаниясының GSM-19w магнитометр құрылғысы бар мамандар, ОКО-2 жабдығы бар СҚО ПД криминалисі, ГРОТ-12 жабдығы бар «GRP Ridder grupp» ЖШС мамандары, тау-кен инженерлік және іздестіру-құтқару жұмыстары.
Зардап шеккендердің отбасыларын әлеуметтік қамсыздандыру сұрақтарына Баянауыл ауданының әкімі жауап берді. КОШ КӘАҚҚ ПФ директорының орынбасары Ерлан Жаркимбеков КӘАҚҚ РОШ ПФ тарапынан зардап шеккендердің отбасыларын әлеуметтік қамсыздандыру және іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізудің қиындығы туралы айтып берді.
Майқайың жерасты кеніші «Майқайың-алтын» АҚ директоры Андрей Шувалов тау-кен-инженерлік жұмыстарды одан әрі жүргізу және ауыр техниканы шұңқырдың түбіне енгізу үшін бүйірлік траншеяны кеңейту туралы айтып берді.
– Құлау түбіне жол салу кезінде 180 мың тоннадан астам тау массасы шығарылды. Осы кезеңге дейін экскаваторлармен құлау түбінде шамамен 2326 текше метр көлемінде тау массасы қайта экскавацияланды, – делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, облыс әкімі Асайын Байханов тау-кен кенішінде қаза болған құтқарушылардың туыстарына барған болатын. Өңір басшысы оларға көңіл білдіріп, қаржылай көмек берілетініне кепіл берді.