Павлодарда жер жұмыстарынан кейін абаттандыру жасамаған мердігерлер жазаланады

Бес учаскеде жөндеу жұмыстарынан кейін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі абаттандыру бойынша бұзылған элементтерін қалпына келтіру жұмыстарын уақтылы жүргізбеу тұрғысынан жер жұмыстары атқарылған учаскелерді тексеру бойынша рейдтік іс-шаралар тұрақты негізде жүргізеді.
Мысалы, жуырда Ак.Сәтбаев көшесі, 15 және Бұқар жырау көшесі, 134 мекенжайларында жеке тұлға су құбыры мен кәріздің сыртқы желілерін салу, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 5 мекенжайында жеке тұлға электр желілеріне қосылу, Желтоқсан көшесі, 260 мекенжайында жеке тұлға су бұру желілеріндегі апатты жою, Ак.Шөкин көшесі, 105 мекенжайында заңды тұлға жылу желілеріндегі зақымдануды жою бойынша жер жұмыстарын жүргізді.
Осы учаскелерде зақымдануды жою және желілерді салу жөніндегі жұмыстарды жүргізгеннен кейін жеке және заңды тұлғалар абаттандырудың бұзылған элементтерін қалпына келтірген жоқ.
Осыған байланысты бөлім кінәлі тұлғаларға қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдау үшін облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына материалдар жолдады.