ТЖМ тікұшағы алты жасар баланы Павлодарға шұғыл жеткізді

ТЖМ тікұшағы алты жасар баланы Павлодарға шұғыл жеткізді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

«Қазавиақұтқару» әуе кемесі Железинка ауданына шұғыл рейс жасады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«112» қызметінің мәліметінше, экипаж мүшелері мен медицина қызметкерлері 2019 жылы туған қыз баланы Павлодар қаласына аман-есен жеткізген.

Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшақтары шалғай елді мекендердің тұрғындарына шұғыл көмек көрсету үшін тәулік бойы дайындықта тұратыны хабарланды.