ТЖМ тікұшағымен екібастұздық әйел Павлодарға жеткізілді
Оған шұғыл медициналық көмек қажет болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық «112» қызметінің мәліметінше, санитарлық авиация экипажы Павлодар – Екібастұз – Павлодар бағыты бойынша рейс орындады.
– Әуе кемесінде 1978 жылы туған, жарақат алған әйел болған. Ұшу барысында науқастың жағдайын дәрігерлер үздіксіз бақылап отырды. Экипаж бен медицина қызметкерлерінің үйлесімді әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында әйел медициналық мекемеге жедел жеткізілді, – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта науқас әрі қарай ем алу үшін дәрігерлерге тапсырылды.