Түрік инвесторы павлодарлық кәсіпорынға ақша сала алады
Жергілікті өндіруші макарон шығаратын жаңа цехты іске қоспақшы, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Инвестицияларды тарту және бизнесті дамыту бойынша облыс әкімінің орынбасары Әйгерім Қабылтаева ұн мен кебек өндірумен айналысатын «Жандос КЗ» ЖШС кәсіпорнына барды.
– Кәсіпорынның алдағы жоспарлары-өндірістік қуаттылықты арттыру және макарон өнімдерін шығаратын жаңа цехты іске қосу. Өндіруші қазірдің өзінде түрік компаниясымен келіссөздер жүргізді. @too_zhandos_kz кәсіпорны және @upiir_pavlodar @spkpavlodar басшыларымен мемлекеттік қолдаудың, қажетті жабдықты сатып алуға жеңілдікпен кредит берудің ықтимал шараларын талқылады. Бүгінгі таңда отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары өңірдің кәсіпкерлік секторын ынталандырудың пәрменді құралдарының бірі болып табылады, – деп жазды облыс әкімінің орынбасары «Instagram» парақшасында.
Әйгерім Қабылтаеваның айтуынша, жаңа өндірісті іске қосу жақын арада тұрақтандыру қорының серіктес дүкендерінің сөрелеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бір түрі ретінде әртүрлі сортты макарон өнімдерінің жаңа ассортиментін алуға мүмкіндік береді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram