Успен ауданында тауарлы сүт фермасының құрылысы қайта басталды

Успен ауданында тауарлы сүт фермасының құрылысы қайта басталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық суреті

Ол облыстық прокуратураның араласуынан кейін мүмкін болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің үйлестіруімен Успен ауданының прокуратурасы «БИК» шаруа қожалығына ірі сүт-тауар фермасының құрылысын қайта бастауға көмектесті.

Талдау барысында инвестор жобаны іске асыру үшін мүлікті кепілге қойып, кредит қаражатын тартқаны анықталды.

«БИК» шаруа қожалығы міндеттемелерін адал орындап, кредиторға негізгі қарыздың 500 миллион теңгесін бірде-бір кешіктірмей төлегеніне қарамастан, кепіл ұстаушы ауыртпалықтарды алып тастаудан бас тартқан.

- Активтердің іс жүзінде «тоқтатылуы» одан әрі қаржыландыру мен құрылыс жұмыстарын жүргізуге кедергі келтірді. Кредитордың әрекетсіздігі құны 3,5 миллиард теңге болатын 500 басқа арналған тауарлы сүт фермасы жобасының жүзеге асырылуына, сондай-ақ өңірде жаңа жұмыс орындарын ашуға қауіп төндірді, - делінген хабарламада.

Прокуратураның араласуынан кейін кепіл ұстаушы мен инвестор арасында келісімге қол жеткізіліп, қазіргі уақытта мүлікке салынған барлық ауыртпалықтар алынды.

Инвесторлардың құқықтарын қорғау, әкімшілік кедергілерді жою және қолайлы іскерлік ахуал қалыптастыру прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі болып қала береді.