Павлодар облысы жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионатын қола жүлдемен аяқтады

Павлодар облысы жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионатын қола жүлдемен аяқтады

Астанада жабық алаңда жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Qazaqstan» жеңіл атлетика орталығының манежінде өткен жарысқа ұлттық құраманың да жетекші спортшылары қатысты.

Павлодар облысынан 10-нан астам спортшы сынға түсіп, чемпионат қорытындысы бойынша командалық есепте 3-орынға ие болды. 

Біріншілікте жекелей сында белгілі павлодарлық спортшы Ольга Сафронова 60 метрге жүгіруден алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ Александра Залюбовская 400 метрге жүгіруден алтын медаль алса, 200 метрде күміс медаль тақты. 

Әйелдер арасында павлодарлық Диана Гейнц те бессайыста күміс медаль олжалады. Арина Соколова болса, 3000 метрге жүгіруден қолаға қол жеткізді. 

Одан бөлек, әйелдер құрамасы 200 метрлік эстафетада 1-орын, 400 метрлік эстафетада 2-орын иеленді. 

Бұл жолы павлодарлық жігіттер жекелей сында жүлдеге қол жеткізе алмады. Дегенмен, ерелер арасында командалық эстафетада 200 және 400 метрге жүгіруден қос күміс медальді қоржынға салды. 

Ал, ерлер мен әйелдер аралас эстафетада Павлодар облысының құрамасы алтыннан алқа тақты. 

Айта кетейік, ел біріншілігінде үздік танылған спортшыларды 10-12 ақпан аралығында Астана қаласында өтетін Азия чемпионаты күтіп тұр.

Фото: ашық дереккөздерден