Успен ауданында аңшылық пышақпен ұсталған шетелдік айыппұлға ілікті

Ол суық қарумен шекарадан кесіп өткісі келген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Успен аудандық соты 67-жастағы Ресей Федерациясының азаматына қатысты суық қаруды заңсыз алып жүру фактісі бойынша қылмыстық істі қарады (ҚК 287-б. 1-б.).
Сот биыл қыркүйек айында ер адам отбасымен бірге Астанадан Павлодарға, одан әрі Новосібір бағытына қарай мемлекеттік шекара арқылы таксимен шыққанын анықтады. «Қосақ» бақылау-өткізу бекетінде шекаралық бақылау бөлімінде жүкті тексеру кезінде оның чемоданынан шанышқылы-кескіш суық қару – пышақ анықталған. Оны ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің қызметкерлері тәркілеген.
Сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленген пышақ – бұл шетелдік өндірістің зауыттық әдісімен жасалған суық қару. 37 сантиметрлік боуи «CASE440» – жиналмайтын аңшылық пышақтарының түрі.
Сот жеңілдететін мән-жайларды ҚК 55-б. 3-б. талаптарын ескере отырып, ер адамға 15 АЕК мөлшерінде 58 980 теңге сомасында айыппұл түріндегі жазаны тағайындады.
Сот полиция бөлімінің сақтау камерасындағы Боуи «CASE440» аңшылық пышағын жоюды үкім етті.
Үкім заңды күшіне енді.