Ядролық сынақтардан зардап шеккен павлодарлықтар тағы бір жеңілдікке қол жеткізді
Олар 26 наурыздан бастап қоғамдық көліктерде тегін қатынай алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 26 наурыздан бастап Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен, зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтар облыс орталығындағы қоғамдық көліктерде (автобустар мен трамвайларда) тегін жүру құқығына ие.
Көлік картасын алу үшін Павлодар қаласы, Ак.Шөкин көшесі, 31 мекенжайында орналасқан «Smart Автобус ПВ» ЖШС кеңсесіне жүгіну қажет.
Ол үшін зейнеткерлік куәлік, жеңілдікке құқықты растайтын құжат (Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен тұлға куәлігі, тұрғылықты жерін растайтын архивтік анықтамалар) және Павлодар қаласы бойынша тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы анықтама болуы қажет.