Жұмыста болмаған: Павлодар облысында екі шеуненік ұяттан бас көтере алмады

Жұмыста болмаған: Павлодар облысында екі шеуненік ұяттан бас көтере алмады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олар шекарадан өткен қоластындағы қызметшілері үшін жазаланады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті Май ауданы әкімінің аппараты және Аққулы ауданы әкімінің аппаратына жоспарлы тексеру жүргізді. 

Нәтижесінде ҚР мемлекеттік қызметі туралы Заңының 50-бабы 1-тармағының 4-тармақшасы талаптарының бұзылуына жол бергені үшін Ямышев ауылдық округінің әкімі және Май ауданы әкімінің аппарат басшысы қатысты тәртіптік істер қозғалды. 

Облыстық тораптық бірыңғай ақпараттық жүйесінің дерекқорына сәйкес, Май ауданы аппараттың есеп және есептілік жөніндегі бас инспекторы ҚР-нан РФ бағытында 2024 жылдың 16 желтоқсанында шығып, 17 желтоқсанда келгені анықталды. Бұл жайт Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің Павлодар облысы бойынша департаментінің өткізу пунктерінде тіркелген. Ал аппараттың бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес 2024 жылдың 17 желтоқсаны жұмыс күні болды, алайда жұмыс уақытын есепке алу табелінде шекараны кесіп өту кезеңінде қызметші жұмыста отырған деп жазылды. 

Дегенмен бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмеді. Май ауданы әкімінің аппарат басшысы өз түсініктемесінде қоластындағы қызметшісі отбасылық жағдайларға байланысты сұранғанын, алайда шекарадан өтуін жоспарлағаны жайлы хабарламанғанын баяндады. Бұл ретте аппараттың есеп және есептілік жөніндегі бас инспекторына өзі жұмыста болмаған күн үшін жалақы төленген.  

Дәл осындай жағдай Аққулы ауданында да орын алды. Былтыр 29 желтоқсанда Ямышев ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ресей Федерациясы бағытында шекараны кесіп өтіп, облысқа 3 қаңтарда оралған. Ал 30-31 желтоқсан жұмыс күндері болған. Ямышев ауылдық округінің әкімі оның қызметшісі 29 желтоқсанда отбасылық жағдайларға байланысты Ресей Федерациясына шығып, өзінің кезекті еңбек демалысы кезеңінде аталған екі күн үшін жұмысқа шыққанын хабарлады. Дегенмен де, тиісті құжаттар рәсімделмеді. 2024 жылдың 30-31 желтоқсан күндері үшін еңбекке ақы толығымен төленіп, бұзушылық орын алды.

Екі шенеунік те қателіктерін мойындап, Әдеп жөніндегі кеңесте кешірім сұрады. Кеңес мүшелері Аққулы және Май аудандарының әкімдеріне шенеуніктерге қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту беру керектігін ұсынды.