Павлодарда буллингке қарсы күрес комикс арқылы көрсетілді

Павлодарда буллингке қарсы күрес комикс арқылы көрсетілді
Фото: pixabay.com

Комикс буллингтің салдарын, оны болдырмау және күресу жолдарын көрсетуі тиіс болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығында қаланың 24 жалпы білім беретін мектебінің 7-сыныптарының 120 оқушысынан тұратын 24 команданың қатысуымен «Құрмет және достық: буллингке қарсы комикс» қалалық байқауы өткізілді. 

Байқау шарттары бойынша командалар өздерінің комикстерін A4 форматындағы журнал түрінде ұсынды. Байқау қорытындысы бойынша 12 оқушы жеңімпаз атанды, оның ішінде І орын – 2, ІІ орын – 4, ІІІ орын – 6.

Шығармашылық жұмыстардың ішінде А.Байтұрсынов атындағы мектептің оқушылары «Кубики» комиксі мен № 27 мектептің оқушылары «Біз буллингке қарсымыз» комиксі үшін үздік атанды. Олар өз жұмыстарында орындалу деңгейі мен тәсілдің бірегейлігін көрсете алды. Комикстерге қатысушылар буллингтің айналасындағыларға кері әсерін көрсетті, – дейді Павлодар қаласының балалар көркемөнер мектебінің педагогы Дамир Сиықов.

Сондай-ақ, екінші орын алған № 6 мектеп оқушылары «Буллингтің салдары және оны болдырмау жолдары» комиксіне шығармашылық тұрғыдан келді.

Маған комиксте достықтың буллингпен күресуге көмектесетінін көрсеткені қатты ұнады. № 30 мектептің «Дастан» комиксіндегі кейіпкер сияқты дос болғым келеді, – дейді М.Жүсіп атындағы мектептің 7-сынып оқушысы Азалия Тілегенова.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Павлодар дарыны» орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.