Жеңімпаздар ұрпағы Ertis Promenade сахнасында Отанға деген сүйіспеншілікті паш етті

Мыңдаған павлодарлық «Ұлы Жеңіске 80 жыл» концертіне жиналды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Жеңіс күніне орай өңірдегі қалалар мен аудандарда мыңға жуық мәдени іс-шара өткен.
«Ertis Promenade» сахнасындағы концертке өңірдің шығармашылық ұжымдары ең үздік шығармаларын дайындады. Олардың қатарында Иса Байзақов атындағы облыстық филармония, Естай атындағы мәдениет сарайының әртістері, сондай-ақ Оқушылар сарайының жас әншілері мен бишілері бар.
Концерт талантты өнерпаздардың «Интра» композициясымен ашылды.
– Балалар бұл концертке жанын салды, – дейді «Вдохновение» ансамблінің жетекшісі Галина Лопухина. – Алғашқы нөмір – үш ұжымның бірлігін көрсеткен этнофолк, оны дайындауға бірнеше ай уақыт кетті. Ал «Тұманды армандар» композициясы – нәзіктік пен терең сезімге толы туынды. Бүгін сахнаға 50 әртіс шықты, олар жай ғана өнер көрсеткен жоқ, Жеңістің тарихын музыка мен би арқылы жеткізді.
Ал «Арман шоу» вокалды-театр студиясы VI Халықаралық BRITISH GRAND FESTIVAL байқауында жеңіске жетіп, Павлодар тұрғындарына өнерлерін паш етті.
– Біз екі ән дайындадық – «Круче всех» және «Сәлем». Сахнада бірден екі топ, кіші және ересек топтар өнер көрсетті. Бұл кездейсоқ емес, біз өз репертуарымыздағы ең үздік нөмірлерді таңдадық. Әртістеріміз өте жас, бірақ сахнада өздеріне сенімді, өйткені олар төрт жасынан бастап өнер көрсетіп келеді, – дейді студияның көркемдік жетекшісі Ғалия Жанкаринова.
Шығармашылық ұжымдардың шығармашылық жолы ондаған жыл бойы жалғасып келеді. «Вдохновение» үлгілі ансамблі 25 жыл ішінде бишілер мен жарқын дауысы әншілердің бірнеше буынын тәрбиеледі. Бүгін олар бейбітшілік пен Отанға деген сүйіспеншілікті ән арқылы жеткізіп, өңір тұрғындарына бақыт пен достық тіледі.
Мерекелік концерт мыңдаған павлодарлықтарды жинады, олардың қатарында мерекелік шараны қалт жібермейтін көрермендер баршылық.
– Біздің отбасымызда бұл дәстүрге айналған . Жеңіс күні міндетті түрде Орталық жағалауға келеміз. Бүгін ерекше кеш, мерекелік концертте өнер көрсеткен балалардың шығармашылығына тәнтімін. Әсіресе, жас әртістердің шынайылығы қатты әсер етті. Барлық қазақстандықтарға бейбіт аспан мен гүлденген ел тілеймін, , – дейді Павлодар тұрғыны Арман Омаров.
Өңірде 80 жылдық Жеңісті атап өткен сегіз ардагер тұрады. Павлодарда – Анна Носова (101 жас), Мария Курбатова (101 жас), Қайыр Хасенов (100 жас), Василий Григораш (99 жас), Сергей Выжутович (98 жас) және Николай Ступка (97 жас). Ақсу қаласында Василий Московченко (98 жас), ал Павлодар ауданында Мария Матюшина (99 жас) тұрады.
Мерекелік концерт отшашуға ұласты.