Жеңіске-80 жыл: Павлодар облысында медальдар кімдерге беріледі?

Жеңіске-80 жыл: Павлодар облысында медальдар кімдерге беріледі?
Иллюстративное фото: pixabay.com

Марапатталғандар тізімінде облыстың 2,8 мыңнан астам тұрғыны бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерейтойлық медалі Ұлы Отан соғысының алты ардагеріне, сондай-ақ фашизмді жеңуге үлес қосқандарға салтанатты түрде табыс етіледі. Олардың арасында кәмелеттік жасқа толмаған кезінде концлагерьдің тұтқыны болғандар мен Ленинград қаласының бұрынғы блокададағы тұрғындары, ҰОС мүгедектерінің жесірлері, 2,5 мыңнан астам тыл еңбеккері мен ҰОС ардагерлеріне теңестірілген адам бар.

Алты майдангер Жеңістің 80 жылдығын тойламақ. Олардың төртеуі облыс орталығында тұрады: 101 жастағы Мария Курбатова, 99 жастағы Василий Григораш, 98 жастағы Сергей Выжутович, 97 жастағы Николай Ступка. Ақсуда бір ардагер – 98 жастағы Василий Московченко, ал Павлодар облысында – 99 жастағы Мария Матюшина қалды.

Еске салайық, Жеңістің 80 жылдығына арналған біржолғы төлемдер екі есе өсті. ҰОС ардагерлеріне – бес миллион теңге, тыл еңбеккерлеріне – 100 мың, Ленинград қаласының бұрынғы блокададағы тұрғындарына – 150, концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарына 200 мың теңге беріледі.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы төлемдер сәуір айының соңына дейін аударылады деп сендірді.