Железин ауданында дәретханада шылым шеккен шенеунік жазаланды

Железин ауданында дәретханада шылым шеккен шенеунік жазаланды

Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысына қатысты тәртіптік іс облыстық әдеп жөніндегі кеңесте қаралды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Железин аудан әкімдігінің дәретханасында шылым шеккені үшін шенеунікке 15 АЕК айыппұл салынды. Бөлім басшысы өз әрекетін ғимаратта шылым ататын арнайы орынның жоқтығымен ақтағысы келген, ал далаға шықпауына күн райының бұзылуы себеп болған.  

35 жастағы шенеунік аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының лауазымына өткен жылдың қазан айында келген. Бұған дейін ер адамның басшылықтан тәртіптік жазалары мен ескертулері болмағанын ескере отырып, әдеп жөніндегі кеңес мүшелері оған сөгіс жариялауды ұсынды.